Skip Navigation
The Endowment for Human Development
The Endowment for Human Development
Improving lifelong health one pregnancy at a time.
Donate Now Get Free Videos

Multilingual Illustrated DVD [Tutorial]

The Biology of Prenatal Development




ЖАТЫРДАҒЫ ҰРЫҚТЫҢ ДАМУ БИОЛОГИЯСЫ.

.Қазақ [Kazakh]


National Geographic Society This program is distributed in the U.S. and Canada by National Geographic and EHD. [learn more]

Choose Language:
Download English PDF  Download Spanish PDF  Download French PDF  What is PDF?
 

Embryonic Development: 6 to 8 Weeks

Chapter 20   6 Weeks: Motion and Sensation

6-аптада ми жарты шарлары мидың басқа бөліктерінен гөрі шамалас емес түрде тезірек өседі.

Эмбрион өздігінен және рефлективтік қозғалыстар жасай бастайды. Мұндай қозғалыстар жүйке және бұлшық еттерінің қалыпты дамуын тездету үшін қажет.

Ауыз аймағына тию эмбрионның басты рефлективті түрде тартып алуға мәжбүрлейді.

Chapter 21   The External Ear and Blood Cell Formation

Сыртқы құлақ қалыпқа келе бастайды.

6-аптада бауырдың ішінде қан жасушалары қалыптасып жатады. Бұл кезде онда лимфоциттер болады. Ақ қан жасушасының бұл түрі дамып келе жатқан иммундық жүйенің маңызды бөлігі болып табылады.

Chapter 22   The Diaphragm and Intestines

Тыныс алу кезінде пайдаланылатын негізгі бұлшық ет - диафрагма 6-аптада айтарлықтай қалыптасады.

Ішектің бір бөлігі енді уақытша кіндікке шығады. Физиологиялық жарық түзілуі деп аталатын бұл қалыпты процесс қарында дамитын басқа да органдарға орын тудырады.

Chapter 23   Hand Plates and Brainwaves

6-шы аптада қол аздап жайыла бастайды.

Ми сызықтары 6-апта және 2-күн ішінде қалыптасып қояды.

Chapter 24   Nipple Formation

Емшек ұштары өзінің төс алдындағы түпкілікті орнына жетпей тұрып үлкен дененің жандарынан пайда болады.

Chapter 25   Limb Development

6 1/2 аптада шынтақтар айқындалып, саусақтардың бөлектене бастауы және қолдың қозғалысы байқалады.

Оссификация деп аталатын сүйек құралу процесі бұғана мен үстіңгі және астыңғы жақ сүйектерінің пайда болуынан басталады.

Chapter 26   7 Weeks: Hiccups and Startle Response

Ықылық 7 аптада байқалады.

Енді үрейлі қарсы әрекетпен бірге аяқ қозғалыстарын байқауға болады.

Chapter 27   The Maturing Heart

4 камералы жүректің қалыптасуы аяқталды. Жүрек енді орташа есеппен минутына 167 рет соғады.

7 1/2 аптада тіркелген электр белсенділігі ересек адамдікіне ұқсас толқын суретін көрсетеді.

Chapter 28   Ovaries and Eyes

Ұрғашы ұрықтарда аналық безді 7 аптада ажыратуға болады.

7 1/2 аптада пигменттелген көз торы оңай байқалып, қабақтың жылдам өсу кезеңі басталады.

Chapter 29   Fingers and Toes

Саусақтар бөлектеніп, ал башпайлар тек түбінен қосылып тұрады.

Қолдар енді аяқтар секілді біріге алады.

Тізе буындары да пайда болады.


Add a Comment

Your Name: Log In 3rd-party login: Facebook     Google     Yahoo

Comment: