Skip Navigation
The Endowment for Human Development
The Endowment for Human Development
Improving lifelong health one pregnancy at a time.
Donate Now Get Free Videos

Multilingual Illustrated DVD [Tutorial]

The Biology of Prenatal Development




ЖАТЫРДАҒЫ ҰРЫҚТЫҢ ДАМУ БИОЛОГИЯСЫ.

.Қазақ [Kazakh]


National Geographic Society This program is distributed in the U.S. and Canada by National Geographic and EHD. [learn more]

Choose Language:
Download English PDF  Download Spanish PDF  Download French PDF  What is PDF?
 

The Fetal Period (8 Weeks through Birth)

Chapter 37   9 Weeks: Swallows, Sighs, and Stretches

Нәрестенің даму кезеңі туғанға дейін жалғасады.

9-аптада нәресте бас бармағын сорып, қағанақ сұйықтығын жұтып қоюы мүмкін.

Нәресте осы уақытта бір нәрсені ұстап, басты алға-артқа қозғалтып, аузын ашып-жауып, тілін қозғалтып, дем ала және керіле алады.

Беттегі, қолдың алақанындағы, аяқтың табанындағы жүйке рецепторлары жеңіл контактіні сезе алады.

"Аяқтың табана жеңіл тиюге жауап ретінде нәресте саны мен тізесін және башпайларын бүгуі мүмкін."

Қабақтары осы уақытта түгел жабық болады.

Көмейде дауыс желбезектерінің пайда болуы оның дами бастағанынан белгі береді.

Қыз нәрестелерде жатыр айқын көрініп, оогониялар деп аталатын қалыптаспаған репродуктивтік жасушалар аналық безде пайда болады.

Сыртқы жыныс мүшелері еркектік және әйелдік болып анықтала бастайды.

Chapter 38   10 Weeks: Rolls Eyes and Yawns, Fingernails & Fingerprints

10 және 9 апта аралығында бойдың кенеттен өсуі дененің салмағын 75 пайыздан астам арттырады.

10-аптада жоғарғы қабақтың қимылдауы көздің төмен айналуына себепші болады.

Нәресте есінеп, жиі аузын ашып-жабады.

Нәрестелердің көпшілігі оң қолдың бас бармағын сорады.

Кіндіктің ішіндегі ішектің секциялары қарынға қайтып келеді.

Көптеген сүйектер қатая бастайды.

Қол және аяқ тырнақтары дами бастайды.

Бірегей саусақ іздері ұрықтанғаннан кейін 10 апта өте шығады. Бұл үлгілер адамды тану үшін өмір бойына пайдаланады.

Chapter 39   11 Weeks: Absorbs Glucose and Water

11 аптада мұрын және ерін толық қалыптасады. Дененің басқа бөлігі сияқты, олардың сыртқы түрі адам өмірінің әрбір даму сатысында өзгере береді.

Ішек нәресте жұтқан глюкоза мен суды сіңіре бастайды.

Жынысы ұрықтанған күні білінсе де, сыртқы жыныс мүшесінің еркектікі немесе әйелдікі екенін енді ажыратуға болады.

Chapter 40   3 to 4 Months (12 to 16 Weeks): Taste Buds, Jaw Motion, Rooting Reflex, Quickening

11 және 12 апта аралығында, нәрестенің салмағы шамамен 60 пайызға көбейеді.

Он екi апта жүктілік мерзімінің үштен бірінің немесе триместрдің біткенін білдіреді.

Татым емізікшелері енді ауыздың ішкі қуысын қамтиды.
Туылған кезде татым емізікшелері тек тілде және таңдайда ғана қалады.

Несеп-нәжіс шығару 12 аптада басталады және 6 аптаға созылады.

Нәрестенің және жаңа туылған сәбидің тоқ ішегінен шыққан материал меконий деп аталады. Ол ас қорыту жолдарынан шығарылған ас қорыту ферменттерінен, ақуыздан және өлі жасушадан турады.

12 аптада қолдардың ұзындығы өзінің дене көлеміне түпкілікті дерлік пропорциясына келеді. Аяқтар өздерінің түпкілікті пропорциясына жету үшін ұзағырақ уақытты қажет етеді.

Басының артқы жағы немесе үстіңгі жағын қоспағанда, нәрестенің бүкіл денесі саусақ тигізгенде жауап бере бастайды.

Жынысқа байланысты даму өзгерістері бірінші рет көріне бастайды. Мысалы, қыз нәрестелер жақтарын ұл нәрестелерге қарағанда көбірек қозғалтады.

Ертерек байқалатын кері шегіну қимылына қарағанда, осы уақытта ананың қарнында нәрестенің аузына жақын жерді сипалағанда, нәресте сипалаған жерге қарай бұрылады. Бұл жауап "түптік рефлекс" деп аталады және ол туғаннан кейін де сақталып, сәбиді тамақтандыру кезінде оған анасының омырауын жылдам табуға мүмкіндік береді.

Беті де майға толып толысуын жалғастырады және тісі дами бастайды.

15 аптада қан шығаратын жасушалар жілік майға келіп түсіп, көбейе бастайды. Қан жасушаларының көпшілігі осында түзіледі.

Эмбрионда қозғалыс 6-аптада басталса да, жүкті айел нәрестенің қимылдағанын алғашқы рет 14 және 18 апта аралығында сезіне бастайды. Мұны жандану деп атайды.

Chapter 41   4 to 5 Months (16 to 20 Weeks): Stress Response, Vernix Caseosa, Circadian Rhythms

16-аптада ұрық ішіне иненің тығылуы гормоналдық қозғалыс тудырады және қан айналымында норадреналин немесе артеренол тудырады. Жаңа туғандар және ересектер инвазивтік процедураларға бірдей жауап әрекет көрсетеді.

Тыныс алу жүйесінде бронхтар ағашы енді толық дерлік қалыптасып болды.

Верникс касеоза деп аталатын қорғаушы ақ зат, нәрестені жауып тұрады. Верникс теріні қағанақ сұйығының тітіркендіру әсерінен қорғайды.

19-аптадан бастап нәрестенің қозғалуы, тыныс алуы және жүрек қағысы циркада ритмі деп аталатын күнделікті циклдермен жүреді.

Chapter 42   5 to 6 Months (20 to 24 Weeks): Responds to Sound; Hair and Skin; Age of Viability

20-аптада есту органы болып табылатын құлақ құрышы толық дамыған iшкi құлақта ересек көлемге жетеді. Осы уақыттан бастап ұрық дыбысқа жауап бере бастайды.

Құйқадан шаштар өсе бастайды.

Шаш фолликулдары мен май бездерін қоса алғанда, терінің барлық қабаттары мен құрылымдары пайда болады.

Ұрықтанғаннан кейінгі 21-22 аптада өкпе аздап ауамен тыныс алу қабілетіне ие болады. Бұл кезең тіршілікке қабілеттілік кезеңі деп аталады, өйткені кейбір нәрестелер үшін жатырдан тыс өмір сүру мүмкін бола бастайды. Медицинаның жетістіктерінің арқасында мерзімінен бұрын туған сәбилердің өмірлерін сақтап қалуға мүмкіндік туа бастады.

Chapter 43   6 to 7 Months (24 to 28 Weeks): Blink-Startle; Pupils Respond to Light; Smell and Taste

24-аптада қабақтар кері ашылып, ұрық жыпылықтай бастайды. Бұл кенеттен болатын қатты дыбысқа реакция әдетте қыз нәрестелерде ертерек дами бастайды.

Кейбір зерттеушілер, қатты дауыс ұрықтың денсаулығына кері әсер етеді деп есептейді. Мұның тікелей салдарына жүректің жиі соғысы, нәрестенің сұйықты шамадан тыс көп жұтып қоюы және мінез-құлықтың күрт өзгеруі кіреді. Болуы мүмкін ұзақ мерзімдік салдарына есту қабілетінің жоғалуы кіреді.

Нәрестенің тыныс алу жиілігі минутына 44 дем алу және шығару цикліне жетеді.

Жүктіліктің үшінші кезеңінде мидың тез өсуі нәресте пайдаланған энергияның 50 пайызын тұтынады. Мидың салмағы 400 және 500 пайыз аралығында көбейеді.

26-аптада көзден жас шыға бастайды.

Көз қарашығы 27-аптада жарыққа жауап береді. Бұл жауап көз торына өмір бойы келетін жарық мөлшерін реттейді.

Иіс сезу органдарының жұмыс жасауына кажетті барлык компоненттер қызмет істейді. Мерзімінен бұрын туған сәбилерді зерттеу оларда иіс сезіну қабілеті ұрықтанғаннан 26 апта өткенде пайда болатыны белгілі болды.

Қағанақ сұйығына тәтті зат қосса, ұрықтың жұту нормасы ұлғаяды. Керісінше, ащы дәмі бар зат қосса, ұрық жұтуы азаяды. Бет әлпеті жиі өзгеріп тұрады.

Адымдап жүру сияқты аяқ қимылы арқылы нәресте домалайды.

Терінің астына қосымша май қабаты жиналған кезде нәрестенің әжімі аз болып көрінеді. Май қабаты туғаннан кейін дене температурасын, энергия сақтауда үлкен рөл атқарады.

Chapter 44   7 to 8 Months (28 to 32 Weeks): Sound Discrimination, Behavioral States

28-аптада ұрық қатты және бәсең дыбысты айыра алады.

30 аптада тыныс алу көбірек көріне бастайды және орташа нәрестеде жағдайлардың 30-40 пайызында көрінеді.

Жүктіліктің соңғы 4 айында нәрестеде демалыс кезеңдерімен бөлінген үйлесімді қимыл кезендері көрінеді. Бұл әрекеттер үнемі күрделеніп дамып келе жатқан орталық жүйке жүйесін бейнелейді.

Chapter 45   8 to 9 Months (32 to 36 Weeks): Alveoli Formation, Firm Grasp, Taste Preferences

Шамамен 32-аптада өкпелерінде альвеолалар немесе ауа қапшығы тәріздес клеткалар дами бастайды. Олар туғаннан соң 8 жыл бойы қалыптаса береді.

35-аптада нәресте қолымен берік қыса алады.

Анасының әр түрлі нәрсеге жерік болуы, туғаннан соң дәм таңдауға әсер етеді. Мысалы, анасы жүкті кезінде анисті жақсы көрген нәресте туылғаннан кейін анисті жақсы көрген. Ал анасы анисті пайдаланбаған сәбилер оны ұнатпаған.

Chapter 46   9 Months to Birth (36 Weeks through Birth)

Нәресте көп мөлшерде эстроген атты гормонды шығару арқылы толғаққа бастамашы болады және сөйтіп нәрестенің жаңа туған сәбиге өтуі басталады.

Туу жатырдың қуатты жиырылуымен жүріп, нәтижесінде бала туылады.

Ұрықтанудан бастап тууға дейін және әрі қарай адам дамуы динамикалық, үздіксіз және күрделі болады. Бұл туралы жаңалықтар нәрестенің дамуының туғаннан кейінгі өмір бойғы денсаулыққа әсерін көрсетеді.

Біздің адам дамуы туралы түсінігіміз ілгерілеген сайын, біздің де туғанға дейінгі және одан кейінгі денсаулықты күшейту қабілетіміз дами береді.


Add a Comment

Your Name: Log In 3rd-party login: Facebook     Google     Yahoo

Comment: